00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде қанша жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде қанша жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді

Медициналық көмек және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін 149 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл еліміздің 10 өңірінде (Атырау, Ақтөбе, Алматы, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау облыстары) 64 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен 2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының жұмысы қайта жанданды, - деді министр.

Оқи отырыңыз: Биыл өлім көрсеткіші 14 пайызға төмендеді – министр

Сондай-ақ медициналық авиацияны ауыл тұрғындарын тасымалдайтын және шұғыл көмек көрсететін 33 әуе кемесі (20 ұшақ және 13 тікұшақ) бар.

Айта кетейік, қазіргі таңда ауылда жедел медициналық көмек көрсету үшін 595 бригада жұмыс істейді. Сондай-ақ келіп түскен 1,5 млн шақыртуға қызмет көрсетілген.