00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде қашықтан оқыту енгізілмейді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде қашықтан оқыту енгізілмейді

Біріншіден – бұл санитариялық-зарарсыздандыруды күшейту, тазалық жүргізу жиілігін арттыру, кабинеттерді желдету, ауаны зарарсыздандыру. Сонымен қатар кіре берісте сүзгі орнатып, педагогтер мен қызметкерлердің дене қызуын өлшеу қолға алынады, - деді Айжан Есмағамбетов 24kz телеарнасы берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қашықтан оқыту форматы енгізілмейді. Дегенмен, «қызыл» аймаққа түскен өңірлерде мәдени, тәрбие іс-шараларын, сынып және ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады.

Балабақшаларда топтарды біріктіру арқылы өткізілетін іс-шараларға тыйым енгізіледі. Мектептерде жоғары, орта және төменгі сынып оқушыларын бөлектеу жүргізілуі мүмкін. Бұл оларды мүмкіндігінше бір-бірімен кездеспеуі үшін жасалады. Естеріңізде болса, бастауыш және жоғары сыныптар үшін бөлек кіре беріс ұйымдастырған едік, - деді бас санитар дәрігер.