00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елде маймыл шешегіне қарсы екпе салына ма

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елде маймыл шешегіне қарсы екпе салына ма

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, дүниежүзінде маймыл шешегі өршіп тұр. Бұл ауру әлемнің 82 елінде анықталған. Жалпы 17 мыңға жуық адам вирус жұқтырған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтауы ұйымының (ДДСҰ) ұсынысы бойынша халыққа вакцина алудың керегі жоқ. Екпе тек осал топтарға жататын адамдарға салынады. Мұндай топқа маймыл шешегімен ауырып жатқан науқастарды емдейтін дәрігерлер және ауруды жұқтырған адаммен байланысты болған адамдар жатады, - деді А.Есмағамбетова.

Сондай-ақ вице-министр маймыл шешегіне қарсы қандай екпелер салынатынын айтты.

Естеріңізде болса, 1980 жылға дейін біз шешекке қарсы вакцина алатын едік. Маймыл шешегі мен шешектің вирусы бір-біріне ұқсас. Ғалымдардың дерегінше, шешекке қарсы вакцина алғандар өздерін маймыл шешегінен де қорғайды. Тіпті, екпе алған адам маймыл шешегін жұқтырса да ауру жеңіл етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтауы ұйымы барлық адамға маймыл шешегіне қарсы вакцина алудың керегі жоқтығын нақты айтып отыр. Себебі, инфекция тығыз физикалық байланыста жұғады, – деді Денсаулық сақтау вице-министрі.