Израильдық балалар ортопеді елордада 12 ота жасады
Профессор Марк Эйдельман Нұр-Сұлтанға алғаш рет келді. Ол №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы базасында тренинг өткізді. Отандық және шетелдік дәрігерлер шеберлік сағаты барысында 12 ота жасады.
Біздің бөлімшеде тірек-қимыл аппаратының туа біткен және жүре пайда болған патологиялары бар балалар ем алады. Біз жаңа туғаннан 18 жасқа дейінгі балаларды емдеумен айналысамыз. Тәжірибе алмасу бізге балалар травматологиясын үйлестіруге көмектеседі, - деп атап өтті №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының балалар ортопедиясы бөлімінің меңгерушісі Ағабек Чикинаев.
Айта кетейік, Марк Эйдельман «Technion» Израиль технологиялық университетінің профессоры болып жұмыс істейді. Сондай-ақ ол медицина ғылымдарының докторы.
Оқи отырыңыз, Елордада жамбас буынын емдеу тақырыбында шеберлік сағат өтті