Дәрігер кеңесі: Қысқа уақытта қалай арықтауға болады
Ғалымдар соңғы 50 жылда қарапайым көмірсулар мен қаныққан майларды адамдар көп тұтынатын болған дейді. Сонымен қатар көптеген адам ақуыздық тағамдарға мән бермейді, есесіне бұл ағзадағы ақуыздың жетіспеушілігіне алып келеді және соның салдарынан олардың салмағын жоғалтуына жол бермейді.
Маман сонымен қатар екі апта ішінде іштегі майды қалай кетіруге болатынын айтты.
Ең алдымен, Павлова көмірсуларды аз тұтынуға шақырды. Сонымен қатар ол таңғы асқа ботқаны үнемі жеу (тіпті оған пайдалы қоспалар – жемістер, көкөністер қоссаңыз да) майды кетірмейтінін айтып өтті. Бұл жағдайда бұлшықет массасы азаюы мүмкін.
Жұмыртқа жегіңіз келмесе, сүзбе жеңіз, сүзбе қаламасаңыз, қайнатылған тауық етін жеңіз. Оларға қосымша – аздап ботқа қосып жеуге, соның өзінде тек төрт-бес қасық қана жеуге кеңес беремін, - деді эндокринолог.
Дәрігердің айтуынша, майдың жиналуына стероидты гормондар мен асқазанның ферменттерінің синтезінің төмендеуі әсер етеді. Дұрыс емес уақытта ұйықтау, созылмалы күйзеліс те салмақ қосатын себептер.