00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Артық салмақтан арылуға көмектесетін жеті әрекет

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Артық салмақтан арылуға көмектесетін жеті әрекет

1. Таңғы астан бас тартпаңыз

Егер жеткілікті және жақсы ұйықтасаңыз, онда ағза сіз күндіз бауырға «салып қойған» қордағы көмірсуларды жұмсайды. Егер оның орнын таңертең емес, кешке толықтырсаңыз, онда «қор» майға кетеді.

2. Порция мөлшерін бақылаңыз

Қалыпты жағдайда ағза бір уақытта 200-300 грамм тамақты ғана қорыта алады, ал артығын майға айналдырады. Оған қоса, жас ұлғайған сайын порция мөлшерін азайтып, бірақ жиі тамақтану керек.

3. Жалпы аз тамақтаныңыз

Физикалық еңбектенесіз, спортпен шұғылданасыз, бірақ сонда да арықтамайсыз ба? Күнде жейтін тамақтарыңыздың калориясын есептеп көріңіз.

4. Тамақтың алдында бір стақан жылы су ішіңіз

Судың орнына түймедақ шайын ішуге де болады. Оның себебі шөлдесеңіз де, қарныңыз ашқандай сезім болады. Сондықтан алдымен су ішіп алыңыз. Егер 20 минуттан кейін әлі де қарныңыз ашып тұрса, онда шынымен де бірдеңе жеп алу керегін білдіреді.

5. Егер тәттіні қатты қаласаңыз, жеңіз

Бірақ тәттіні күннің бірінші жартысында және аз ғана жеңіз. Оны таңертең жеген жөн: бұл кезде алған энергияны пайдалану мүмкіндігі көбірек. Қатты тәтті қалаған кезде, үйде дайындалған жемістер қосылған бәліш немесе ащы шоколад  жеуге болады.

6. Майсыздандырылған өнімдерден бас тартыңыз

Майды жеуге болады және жеу керек. Бастысы, оның мөлшерін қадағалаңыз.

7. Ұйықтар алдында айран ішпеңіз және сүзбе жемеңіз

Құрамында лактозасы бар өнімдер ашу процесін шақырады және инсулин бөлінуін арттырады. Инсулин бөлінуінің артуы ішке майдың жиналуына алып келеді.