Коронавирус адамды он жылға қартайтады – биолог
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
«Астана» телеарнасының мәліметінше, мұны ресейлік биолог Максим Скулачев айтқан. Ол коронавирус адамның биологиялық жасына қалай әсер ететінін, аурудың ағзаға тигізер залалын азайтуға бола ма деген сауалдарға жауап берді. Ал эпидемиолог маман Лена Қасабекова болса, мұнымен мүлдем келіспейді. Оның айтуынша, індеттің пайда болғанына 2 жыл ғана болды, оған әлі ешкім ғылыми зерттеу жасамады. Ал 10 жылға ағза бірден қартаяды деу ақылға қонымсыз деп отыр.
Коронавирустық инфекциямен ауырған адамдарда болатын ұзақмерзімді асқынулар туралы айту әлі ерте. Ондай тұжырым жасау үшін және ол дәлелденген болу керек қой. Ғылыми түрде тұжырымдар жасау үшін, бұл зерттеулерді бірнеше жыл жүргізу керек, – дейді Лена Қасабекова.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елорда емханаларында Face ID көмегімен пациенттерді қабылдау жүргізіліп жатыр
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады