«Үздік педагог» байқауының республикалық кезеңі басталды

Бүгін, 11:23
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views39
«Үздік педагог» байқауының республикалық кезеңі басталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Биыл «Үздік педагог» республикалық байқауының іріктеу кезеңіне (аудандық) 1 468 маман қатысып, одан өткен 793 педагог облыстық деңгейде бақ сынады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, дәстүрлі конкурстың финалдық кезеңіне 174 маман жолдама алған.

Оның ішінде орта білім беру, кәсіптік және техникалық білім беру, мектепке дейінгі, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері бар. Өз ісінің шебері деп танылған бұл мамандар енді республикалық кезеңде «Үздік педагог» атағы үшін сайысқа түседі.

Байқаудың мақсаты – білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып, жемісті жұмысымен, ерекше шеберлігімен көзге түскен ұстаздарды анықтау.

25 қыркүйек күні конкурстың республикалық кезеңі бастау алды. Республика күні қарсаңында еліміздің «Үздік педагогі» анықталып, жеңімпаздардың есімі жарияланбақ. Жүлдегерлерге «Үздік педагог» атағы беріліп, 1000 АЕК көлеміндегі сыйақы табысталады.

Оқи отырыңыз: «Астананың құрметті педагогі» байқауының жеңімпаздары анықталды

Айта кетейік, аталмыш байқау 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бүгінде Қазақстанда 700-ден астам «Үздік педагог» атағының иегері бар.