00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қызылордада 21 жайлы мектеп салынады

7 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қызылордада 21 жайлы мектеп салынады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ дамуы, оның ішінде әлеуметтік саладағы жетістіктер туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Облыс бюджетінің 61 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Соның ішінде білім саласына 278 млрд теңге бөлінді. Салада ауқымды жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Биыл облыста 4 жаңа мектеп пайдалануға берілуде. Президент тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 мектеп салынады. Жоба құны – 98 млрд теңге. Қазір 10 мектептің құрылысы жүргізілуде, қалған 11-і келесі жылы басталады. 2025 жылы толық тапсырылады, – деді ол.

Айта кетейік, Қызылорда қаласында «Білімді қолдау қоры» есебінен физика-математика бағытындағы 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық мектеп-интернат құрылысы қарқын алды.

Мұнан бөлек, 4 мектеп жанынан 1 850 орынға арналған қосымша ғимараттар салынып, пайдалануға берілді.

Қосымша ғимараттар біріншіден, балалардың қатынауына жақын, ыңғайлы. Екіншіден, бюджет қаражаты үнемделді. Бір мектеп салғанға орта есеппен 3 млрд теңге кетеді. Ал қосымша құрылысқа кеткен шығын шамамен 700 млн теңге, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ шалғайдан қатынайтын оқушылар үшін жаңа үлгідегі 30 автобус алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы бастамасы аясында биыл қарашада Қызылордадағы Қорқыт Ата атындағы университет жанынан СеулТех Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды.