00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Суға батып бара жатқан екі баланы құтқарған студентке оқу гранты табысталды

15 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Суға батып бара жатқан екі баланы құтқарған студентке оқу гранты табысталды

 Ә.Марғұлан  атындағы Павлодар университетінің 1 курс студенті суға кетіп бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалған, деп хабарлады elorda.info  Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.  

Кеше Павлодар облысының басшылығы өжет жігітті құттықтап, алғысын білдірді.

Осыдан екі күн бұрын Асан аптап ыстықтан қорғану үшін орталық жағалауға барған. Іле, суға кетіп бара жатқан жасөспірімдерді көреді де ойланбастап суға сүңгіп кетеді. Жасыбай жағасында малтуды үйренген өжет жігіт екеуін де жағаға дін аман алып шыққан. Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары Асан Асайыновқа 500 мың теңгенің сертификаты мен ноутбук табыстады,-делінген ведомство таратқан ақпаратта. 

   Ақпарат көзінің жазуынша, бұдан бөлек, батыр жігітке  «Аманат» партиясының облыстық филиалының атынан да ақшалақ сыйлық берілген. Кейіпкеріміз математика пәні бойынша ақылы негізде білім алады. Осы орайда университет басшылығы қалған 3 жылға ректордың грантын табыстап, адамгершілік қасиетті бойына дарытып тәрбиелеген анасына алғыс білдірді.