Студенттер еңбек нарығына шығу үшін үш біліктілікке дейін алу мүмкіндігі ұсынылды
28 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Инженерлік-педагогикалық қызметкерлерді ынталандыру мақсатында басшылар мен олардың орынбасарларына біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысынан 30%-дан 100%-ға дейін материалдық көтермелеу қарастырылған.
Бұдан басқа, осы жылдан бастап 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, өндірістен тартылған педагогтерге аттестациядан өтпей-ақ «педагог-модератор» біліктілік санаты беріледі және еңбекақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 10 жыл өндірістік еңбек өтілі бар педагогтерге еңбекақыға 35% үстемемен сарапшы біліктілігі беріледі.
Еске салайық, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға, 2024 жылы 100%-ға артады.
Ұқсас жаңалықтар
23 қараша, 2024
Жаратылыстану-математика пәндерінен Президенттік олимпиаданың қорытындысы шықты
22 қараша, 2024
Білім беру ұйымдарында PISA-2024 зерттеуі басталды
22 қараша, 2024
Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 58 мектепке айыппұл салынды
21 қараша, 2024
Оқу-ағарту министрі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті