Президент Жолдауының орындалуы: екі жылда 340 мектеп пайдалануға берілді

Бүгін, 08:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views72
Президент Жолдауының орындалуы: екі жылда 340 мектеп пайдалануға берілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Премьер-министр және Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен Amanat партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Президенттің 2019-2024 жылдар аралығындағы Қазақстан халқына Жолдаулары мен «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Олжас Бектенов білім беру мекемелерінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде екенін атап өтті. «Келешек мектептері» жобасы аясында 310 мың орынға арналған 160 мектеп бой көтерді.

2024-2025 жылдары барлығы 484 мың орынға арналған 340 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 111 мектеп салу жоспарланып отыр. 245 мектепке кешенді жаңғырту жұмыстары қарастырылған.

Мамандар даярлауға үлкен көңіл бөлініп отыр. Биыл колледждердің 150 мың студенті мемлекеттік тапсырыспен қамтылды. 9-шы сынып түлектерінің 100%-ы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін кәсіптік техникалық біліммен қамтамасыз етілді.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіпорындардың сұраныстары бойынша оқитын студенттер саны үш есе ұлғайтылды (30 мыңға дейін).

Техникалық және кәсіптік білім беруде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру екі есе көбейді (437 мың теңгеден 913 мың теңгеге дейін).

Биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 мың грант бөлінді.

Студенттерге де қолайлы жағдай жасалуда. Осы жылдың басынан бері 3,5 мың орынға арналған 4 жатақхана іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 10 мың орындық 29 жатақхана ашу жоспарланып отыр. Бес жыл ішінде жатақханалардағы орын тапшылығы шамамен 3 есеге – 61 мыңнан 17 мыңға дейін қысқарды.