00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Оқушы баспалдақтан құлаған мектептің директоры жұмыстан босатылды

26 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Оқушы баспалдақтан құлаған мектептің директоры жұмыстан босатылды
фото: Elordainfo

Оқыс оқиғаға қатысты Сарыарқа аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады, Elorda.info  Астана қаласының Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. 

Астанада № 14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтерілгенде баспалдақтан құлағана. Дегенмен, баспалдақ қоршаулары бар болған. Зардап шеккен баланың айтуынша оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы дереу шақырылды.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 18.09.2023 жылы "103" пультіне Мәскеу көшесі, 23, №14 мектеп мекен-жайы бойынша жеделдіктің 3 санаты (жедел жәрдемнің келу уақыты-29 минут) шақырылды. Бала №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына алдын ала хабарланып, толық алғашқы медициналық көмек көрсетумен жатқызылды. Қабылдау кезінде оны барлық мамандар тексерді, қазір ол нейрохирургияның бейінді бөлімшесінде ем алуда, - делінген басқарма таратқан ақпаратта. 

 Басқарманың берген мәліметінше  оқушының жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Ми жарақаты хаттамасына сәйкес ем қабылдауда, қазіргі уақытта хирургиялық емдеуді қажет етпейді.

Сондай-ақ, оқушы комаға түскен жоқ. Есі дұрыс, жағдайы тұрақты екені айтылды.

Сонымен қатар, Сарыарқа аудандық полиция басқармасында 2023 жылғы 19 қыркүйекте осы факт бойынша ҚР ҚК 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. №14 мектеп-гимназиясының директоры оқиғаға байланысты қызметінен босатылды,- деп жазды дереккөз.