Министрлік жалған дипломдар туралы мәлімдеме жасады

фото: freepik.com
Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған дипломдар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfokz.
«Қазіргі таңда интернет кеңістігінде жалған дипломдар туралы түрлі ақпарат кең таралып жатыр. Дипломдардың заңсыз айналымын болдырмау үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың базасын құрды. 2021 жылдан бастап барлық жоғары оқу орындары өзіндік үлгідегі дипломдар беріп келеді, ал олардың түпнұсқалығын тексеру Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы арқылы жүзеге асырылады. 1991 жылдан бері берілген дипломдар кезең-кезеңімен цифрландырылып, 3 миллионнан астам дерек базаға енгізілді»,- делінген хабарламада.
Министрлік жалған дипломдарды жасау немесе пайдалану заңмен қатаң жазаланатынын ескертті.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:40
Alaqan pay: Оқушылар енді биометриялық төлем жасай алады

Бүгін, 09:15
Қазақстан білім беру жүйесіне ЖИ-ді енгізудің ұлттық моделін бекітті

17 қыркүйек, 2025
Елімізде ата-аналар комитетінің жұмысы қайта жасақталады

12 қыркүйек, 2025
Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды