00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Магистратураға түсетін талапкерлер кешенді тестілеуді қалай тапсырады

6 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Магистратураға түсетін талапкерлер кешенді тестілеуді қалай тапсырады
коллаж Elorda.info

Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсетін талапкерлерге кешенді тестілеудің форматын түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Магистратура екі бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді.

Ғылыми-педагогикалық магистратура

Оқу мерзімі - 2 жыл.

Тест тапсырмаларының саны – 130, жалпы балл – 150.

Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағат 55 минут).

Кешенді тестілеу 3 бөлімнен тұрады:

- Шет тілі бойынша тест (тыңдалым + лексика-грамматика + оқылым) – 50 тапсырма. Шекті балл – кемінде 25;

- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;

- Білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен – 20 тапсырма. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.

Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы оқуға шекті балл – кемінде 75.

Бейінді магистратура

Оқу мерзімі - 1-1,5 жыл.

Тест тапсырмаларының саны – 80, жалпы балл – 100.

Тестілеу уақыты – 160 минут (2 сағат 40 минут).

Кешенді тестілеу 2 бөлімнен тұрады:

- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;

- Білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен – 20 тапсырма. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.

Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы оқуға шекті балл – кемінде 50.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық стандарттарына сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша КТ-ның шет тілі тестінен босатылады.