00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 60 мемлекеттік балабақша салынады

28 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 60 мемлекеттік балабақша салынады
фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде елорданың білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мен Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Бүгінгі таңда елордада статистикалық мәліметтерге сәйкес 460 мыңнан астам бала бар. 

Астанада оқушы орындарының тапшылығы проблемасын шешу үшін шаралар қабылдануда. 2023 оқу жылында 16 мың орындық 2 ауысымдағы 11 мектеп салынады, оның 4-еуі пайдалануға беріліп, жұмыс істейді, 7 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 2024-2025 жылдары 69 мың орындық 30 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 90 мың оқушыға арналған 24 мектеп, оның ішінде Нұра және Есіл аудандарында 15 мектеп салынады. Әкімдік мектеп құрылысын іске асыру үшін 20 қосымша жер учаскесін бекітті, - дейді әкімнің орынбасары Е.Байкен.

Жалпы, алдағы 4 жылда 177 мың оқушы орнына 65 мектеп салу және пайдалануға беру жоспарлануда. Қабылданған шаралар мектептердің шамадан тыс жүктелуінің ағымдағы проблемасын шешіп қана қоймай, болашақта 2035 жылға дейін орын тапшылығы мәселелерін толығымен жояды деп күтілуде.

Балабақшалардағы мектеп жасына дейінгі балалардың кезегі 60 мыңнан астам баланы құрады, оның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны 42 мың.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыру үшін әкімдікпен бірқатар шаралар қабылданған. Мемлекеттік білім беру тапсырысы 4 есе ұлғайтылды. Жеке инвестициялар есебінен 17 балабақшаның құрылысы жүргізілуде. 2017 жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың құрылысы тоқтатылды, бірақ бала туу және көші-қон процестері есебінен мектеп жасына дейінгі балалардың жыл сайынғы өсуін ескере отырып, әкімдік қаланың Бюджеттік-инвестициялық жобалары есебінен 60 мемлекеттік балабақша салу туралы шешім қабылдады. 

Елордада 11 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Биыл қосымша білім берумен қамту 158 мың баланы немесе 79,9% құрады және өткен жылмен салыстырғанда 7% өсті (мектептерде 2 188 үйірме мен секция жұмыс істейді).

Қосымша білім берумен қамтуды ұлғайту үшін алғаш рет техникалық және ғылыми бағыттағы үйірме қызметін дамытуға бағытталған 2 мың орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды. Жеке инвестициялар есебінен осы жылы 2 700 балаға арналған Оқушылар сарайы іске қосылды. 2029 жылға дейін 15 қосымша білім беру нысандарының құрылысы жоспарланған. Алдағы 2 жылда 5 заманауи Оқушылар сарайы салынады.