00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 2029 жылға дейін 15 оқушылар сарайы салынады

24 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 2029 жылға дейін 15 оқушылар сарайы салынады
Фото: Василий Крась

Астана қаласының мектептерінде 158 185 баланы қамтитын 2 188 үйірме мен секция жұмыс істейді, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл қосымша білім берумен қамту 79,9%-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті. Соңғы 3 жылда қалада 13 қосымша білім беру ұйымының филиалдары ашылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында елордада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайы салынады. Оның 5-еуі алдағы екі жылда салынатын болады.