Елімізде ымдау тіліне арналған электрондық сөздік әзірленді

13 маусым, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде ымдау тіліне арналған электрондық сөздік әзірленді
Фото: freepik

Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру саласындағы цифрлық шешімдерді кеңейту жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сол шешімдердің бірі — есту қабілеті бұзылған балаларға арналған онлайн-видео ымдау тілі сөздігі. Бұл сөздік — ишаралардың көрнекі көрсетілімдері мен автоматтандырылған іздеу жүйесі бар интерактивті ақпараттық база.

Ресурсты орталықтың ресми сайтында қазақ және орыс тілдерінде тегін жүктеп алуға қолжетімді.

Қолданудың қолайлылығын арттыру және қолжетімділікті кеңейту мақсатында сөздіктің мобильді нұсқасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның таныстырылымы 2025 жылғы республикалық тамыз конференциясы аясында өтеді.