Елімізде филантропия мектебін құру жоспарланып жатыр


«Нысаналы капитал қорлары және эндаумент қорлар туралы» заңды іске асыру аясында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру көзделген. Атап айтқанда, жалпы капитализациясы 50 млрд теңгені құрайтын 5 жоғары оқу орнында пилоттық эндаумент қор құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ лаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сондай-ақ, эндаумент қорлардың қызметкерлерін, әлеуетті инвесторлар мен салымшыларды, активтерді кәсіби басқарушыларды даярлау мақсатында АҚШ тәжірибесіне сүйене отырып, жоғары оқу орны базасында филантропия мектебін құру жоспарланып отыр.
«Қазіргі таңда мұндай ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Мысалы, Индиана университетінен», — деп нақтылады спикер.