Елімізде қазан айында оқушыларға арналған TUMO креативті технологиялар орталығы ашылады


«Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ басқарушы директоры Валерия Тёнің айтуынша, бұл — 12 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған, қосымша білім беретін бірегей және тегін бағдарлама, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мектеп оқушылары бұл орталыққа мектепке дейін немесе одан кейін келеді және генеративті AI, бағдарламалау, анимация, цифрлық музыка, робототехника және т.б. сияқты 11 негізгі бағыт бойынша оқиды. Жасанды интеллект орталығында жылына 5-6 мың оқушыны оқыту жоспарланып отыр. Жас ерекшеліктерінен басқа талаптар жоқ. Өтінім ғана беру керек», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Алдағы 3–5 жылда TUMO орталығын бүкіл Қазақстан бойынша, оның ішінде шалғай өңірлерде де ашу жоспарлануда. Бұл әрбір қазақстандық оқушыға орналасқан жеріне қарамастан, заманауи технологиялық білімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.



