00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек қайда білім алатынын айтты

ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек қайда білім алатынын айтты
фото: жеке мұрағаттан

Бұл туралы білім саласындағы сарапшы Омарбек Көшкімбайұлы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Мектеп бітіруші түлектердің грантқа түсуіне жол көрсетуші маман Ерасылмен кездесіп, оған өмірде қажет ақыл-кеңестерін айтқан.

Ал ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек шетелде оқитын ниеті бар екенін айтты.

Ерасыл шетелге барайын деп жатыр. Ерасыл, айналайын, саған сәттілік тілеймін. Қайда жүрсең де, аман бол. Ең бастысы, біздің осы қазақтың тәрбиесін, құндылығын ұмытпа. Бұйырса, төрт-бес жылдан кейін жақсы маман болып, еліңе қайтып келуіңе тілектеспін, - деді Омарбек Көшкімбайұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығы Ерасыл Уәлиевтің Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағаны туралы пікір білдірді.