Қазақстандық мектеп оқушылары Франциядағы физика олимпиадасында топ жарды

25 шілде, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстандық мектеп оқушылары Франциядағы физика олимпиадасында топ жарды
фото: Оқу-ағарту министрлігі

Францияның Палезо қаласында өткен Физикадан халықаралық олимпиадада (International Physics Olympiad, IPhO-2025) ұлттық құрама бес медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы олимпиадаға 90 елден 400-ден астам дарынды оқушы қатысты.

Қазақстан бұл жолы да үздіктер қатарынан көрініп, екі күміс және үш қола медаль иеленді.

фото: Оқу-ағарту министрлігі

Әмірбек Азатбеков — Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

Бекасыл Елубай — Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

Әмір Пшенбаев — Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;

Нұргүл Егенбергенова — Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

Артур Ким — Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

фото: Оқу-ағарту министрлігі

Команданың ғылыми жетекшілері — PhD докторы, Сулейман Демирель университетінің ассистент-профессоры Самат Мақсұтов және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев.