00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Колледж студенттері NASA ғарыштық қосымшалар байқауында өз жобаларын ұсынады

Колледж студенттері NASA ғарыштық қосымшалар байқауында өз жобаларын ұсынады
фото: t.me/oqu_agartu

«SPACE APPS CHALLENGE-2024» жаһандық төрешілігінің әлемдік кезеңі 19 қарашада өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, аталған додада Қазақстан намысын Павлодар Ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері Роман Устименко (ПО-372 тобы), Жан Бейсекеев (ПО-174 тобы) және А.Байтұрсынов атындағы мектеп оқушысы Игорь Мартынюк қорғайды.

Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша олар әлемнің 152 елінен қатысқан 8715 команда арасынан суырылып шығып, NASA-ның «SPACE APPS CHALLENGE-2024» ғарыштық қосымшалар байқауының жаһандық номинанттары атанды.

Енді қазақстандықтардың жобалары NASA сарапшы төрешілер тобы және жаһандық финалистерді анықтайтын серіктес ғарыш агенттіктерінің қарауына ұсынылады.

Айта кетейік, әлем бойынша 8,7 мың команданың арасынан тек 940 команда қазылар алқасы тарапынан іріктелген болатын және оның ішінде екі қазақстандық команда бар.