00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды

Педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды

Бүгіннен бастап app.testcenter.kz сайтында педагогтердің білімін бағалауға өтініштерді қабылдау жүргізіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Педагогтердің білімін бағалау 3-22 сәуір аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;

- білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);

- жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;

- қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;

- білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;

- педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);

- педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер) қатыса алады.

Айта кетейік, педагогтердің білімін бағалау бұған дейін Ұлттық біліктілік тестілеу (ҰБТ(НКТ)) деп аталған.