00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Саясат Нұрбек Мажарстан елшісімен кездесті

Саясат Нұрбек Мажарстан елшісімен кездесті

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Отто Иван Ронамен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Министр Саясат Нұрбек пен Венгрия елшісі Отто Иван Ронаның кездесуі барысында Stipendium Hungaricum шеңберіндегі ынтымақтастық бағдарламасын 2023-2026 жылдарға ұзарту мәселесі талқыланды. Саясат Нұрбек келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуына және министрліктің қайта құрылуына байланысты екі елдің салалық ведомстволары арасындағы Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасының дайындалғанын атап өтіп, Елшіден осы мәселеде Қазақстанның бастамасына қолдау көрсетуді сұрады.

Келісімнің екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудағы маңыздылығын ескере отырып, Сізден Келісімнің қолданылу мерзімін 5 жылдан 10 жылға ұзарту туралы ұсынысты қолдауыңызды сұраймыз, - деді министр.

Тараптар ЖОО студенттері мен оқытушыларының академиялық алмасу мәселелерін және Қазақстанда Мажарстан ЖОО-ның филиалдарын ашу мүмкіндігін қарастырды.