Биыл «Болашақ» бағдарламасына 555 стипендия бөлінді
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 555 стипендия, оның ішінде магистратураға 395, резидентура және докторантураға 50, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.
Отырыста шетелде тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» стипендиясын тағайындау мәселесі де қаралды. Комиссия шешіміне сәйкес 25 азаматқа стипендия берілді.
Айта кету керек, «Болашақ» бағдарламасының стипендиясын алуға құжат тапсыру биылғы жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады.
Жиын соңында Ерлан Қарин бірқатар нақты тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:29
Білім беру ұйымдарында PISA-2024 зерттеуі басталды
Бүгін, 11:34
Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 58 мектепке айыппұл салынды
21 қараша, 2024
Оқу-ағарту министрі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
21 қараша, 2024
Астаналық оқушы қиын есептерді шешудің түрлі жолдарын ойлап тапты