00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қаңтар айындағы ҰБТ-ның қорытындылары шықты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қаңтар айындағы ҰБТ-ның қорытындылары шықты

Қаңтар ҰБТ-сын 123 мыңға жуық адам тапсырды. Оның ішінде түлектердің 77%-ы қазақ тілінде, 23%-ы орыс тілінде, 91 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлады Elorda.info.

ҰБТ басталғалы шекті балды 83%-ға жуық талапкер жинап, 21 мыңнан астамы (17%-ы) шекті балл жинай алмады. ҰБТ орташа балы 76 балды құрады. Ең жоғары балл – 139.

Қаңтар ҰБТ-сы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында өтті. Жалпы, қаңтардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге 123 мыңға жуық адам қатысты. Тестіленушілердің ең көп таңдаған комбинациясы – «Математика-Физика» (19%). Тапсырушылардың 18%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаса, 10%-ы шығармашылық емтиханды таңдаған. IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа «Математика-Информатика» комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 10%-ы тапсырған, – деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Талапкерлердің, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің тестілеуді ыңғайлы тапсыруы үшін ҰБТ тапсыру уақыты 40 минутқа ұзартылған. Сонымен қатар, олар үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар жасалды. Қабылданған шаралар арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 274 бала ҰБТ тапсырды.

62 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 98 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, ҰБТ-ға дайындықты жақсарту мақсатында Ұлттық тестілеу орталығы оқу жылының басында тестілеу пәнінің спецификацияларын, тест жоспарын, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихынан 100 дата, Информатикадан терминдер тізімін, Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті пәндерінен шығармалар тізімін өз сайтында және әлеуметтік желілерінде жариялады.