00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ҰБТ-да калькулятор пайдалануға бола ма

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
ҰБТ-да калькулятор пайдалануға бола ма

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ кезінде сақталуға тиіс ережелерді түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.

ҰБТ-ға өзіңізбен бірге калькулятор алып кірудің қажеті жоқ. Бұл әрекет ереже бұзу фактісі болып саналады. Қаңтар, наурыз, тамыз айларындағы ҰБТ мен негізгі ҰБТ-да (мамыр-маусым) калькулятор тестілеу компьютерінде болады. Айта кетейік, сіздер калькулятордан бөлек компьютер экранынан Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесін, Бекетов тізбегін таба аласыз, - делінген орталық хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қазақстанда биылғы ҰБТ тапсыру науқаны басталып кетті. Қаңтар айындағы ұлттық бірыңғай тестілеуде 57 мың адам тест тапсырды.