00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ҰБТ-ның әр пәні бойынша шекті балл белгілі болды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
ҰБТ-ның әр пәні бойынша шекті балл белгілі болды

Бұл мәліметті Ұлттық тестілеу орталығы жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Білім салалары бойынша 2023 жылғы шекті балл: 

«Құқық» – кемінде 75 балл; 

«Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 75 балл; 

«Денсаулық сақтау» – кемінде 70 балл; 

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, «Ветеринария» – кемінде 60 балл.

Сондай-ақ ұлттық ЖОО-ларға – кемінде 65 балл, ал басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл. 

Әр пән бойынша шекті балл - 5. 

Әр жоғарғы оқу орны білім бағдарламалары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.