Мектеп құрылысы басталысымен директоры тағайындалады – министр
31 наурыз, 2023
Зарина Сәрсенбайқызы
Бүгінгі Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Министр өз баяндамасында мектеп құрылысына директор бас-көз болатынын айтты.
Мектеп өмірінде директордың да орны ерекше. Ұлттық жоба негізінде құрылысы басталған мектепке директор тағайындауды қарастырып отырмыз. Ол құрылыс барысын бақылап, алдын ала педагогтерді жинақтап, менеджмент және көшбасшылық бойынша арнайы курстардан өтеді. Осы шаралардың барлығы жаңа мектептерді жақсы педагогтермен қамтамасыз етуге және білім сапасын арттыруды қамтамасыз ететін тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді, - деді министр.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2024
Елімізде ұстаздардың білімін бағалауға кезекті өтініш қабылдау басталды
18 қыркүйек, 2024
Елімізде 3 миллионнан астам бала қосымша білім берумен қамтылады
18 қыркүйек, 2024
Білімге caлынғaн инвеcтицияның қaйтaрымы мол – Бекзат Жолжақсынов
18 қыркүйек, 2024
Министр WorldSkills Lyon-2024 халықаралық чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті