Жаңадан салынатын мектептерге 40 мыңға жуық педагог қажет
31 наурыз, 2023
Зарина Сәрсенбайқызы
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Соңғы 5 жылда педагогикалық мамандықтар бойынша 200 мыңнан астам маман даярланды. Оның ішінде 31 мыңы грант бойынша оқыды. Бірақ бұл түлектердің тек 55 мыңы ғана жұмысқа орналасқан. Шынайы қажеттілік сондай болды. 2026 жылға дейін тағы 100 мыңға жуық педагогикалық маман оқу бітіреді. Бірақ жаңадан салынатын мектептерге 40 мыңға жуық педагог қажет. Оның бір бөлігі қазіргі үш ауысымды мектепте жұмыс істеп жүрген педагогтер болады. Олар жаңадан ашылған мектептерге ауысады, - деді министр.
Асхат Аймағамбетов өз сөзінде қосымша грант бөліп, артық кадр дайындау қажет емес екенін еске салды.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2024
Елімізде ұстаздардың білімін бағалауға кезекті өтініш қабылдау басталды
18 қыркүйек, 2024
Елімізде 3 миллионнан астам бала қосымша білім берумен қамтылады
18 қыркүйек, 2024
Білімге caлынғaн инвеcтицияның қaйтaрымы мол – Бекзат Жолжақсынов
18 қыркүйек, 2024
Министр WorldSkills Lyon-2024 халықаралық чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті