00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ғалымдар байқауына өтініш қабылдау басталды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Ғалымдар байқауына өтініш қабылдау басталды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына ізденіс конкурсын жариялады, деп хабарлады Elorda.info министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Байқаудың қорытындысы бойынша еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық тағайындалады. 1 сыйлықтың мөлшері – 6 126 000 тенгені (2 мың АЕК). 

Конкурстың мақсаты – отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің еңбегін көтермелеу, – деп жазылған хабарламада. 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. Өтініш қабылдау мерзімі – 3 желтоқсанға дейін. 

Үміткерге қойылатын талаптар:  

Ғылыми жетістіктері ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ғылыми жарияланымдары мен монографияларының болуы, ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық жасау сияқты критерийлер бойынша бағаланады; 

Соңғы жылы университетте кемінде бір пәнді жүргізіп, сондай-ақ соңғы 3 жылда философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесі бар кадрларды даярлауы және ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмысқа қатысуы міндетті; 

Ғылыми әзірлемелерінің өндіріске енгізілуі бойынша нәтижелерін ұсынуы қажет.