00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Оқу-ағарту министрлігі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Оқу-ағарту министрлігі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын іске қосты, деп хабарлады Elorda.info.

Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. 

Өңірлік Білім басқармалары Бірыңғай байланыс орталығына екінші желі арқылы қосылған. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер оны шешу үшін бірден Білім басқармаларына жіберіледі.

Бүгінгі таңда байланыс орталығына 1 200-ден астам қоңырау түсті. Көбінесе азаматтарды балабақшадан орын алу үшін кезекке қалай тұру керегі қызықтырады. Бұл мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жүргізеді. Сондай-ақ ең өзекті тақырыптар білім туралы құжаттарды қалпына келтіру, мектептегі тамақтандыру мәселесі, балаларды бір мектептен екіншісіне ауыстыруға қатысты, – делінген министрлік хабарламасында.