Келесі жылы ҰБТ тапсыру қалай өзгереді
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілетін өзгерістер туралы тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
«Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).
«Оқу сауаттылығы» пәнінде талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі.
Сонымен қатар ҰБТ тапсырмаларының құрылымы да өзгеріске ұшырайды:
1 дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін;
1 немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (3 дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін қысқарады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:34
Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 58 мектепке айыппұл салынды
21 қараша, 2024
Оқу-ағарту министрі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
21 қараша, 2024
Астаналық оқушы қиын есептерді шешудің түрлі жолдарын ойлап тапты
21 қараша, 2024
Биыл жеке мектептерге бюджеттен 161 млрд теңге қаражат бөлінді