Жаңа жылдан бастап мектеп асханасында қолма-қол төлемге тыйым салынады
Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Мектептегі тамақтандыруға қатысты тиісті нормативтік құжат қабылдадық. Жаңа жылдан бастап асхананы жалға алушылар осы құқықтық қарым-қатынасты ұстанатын болады. Өзім мектептерге барып кө рген кезде біреуінде 0,5 литр судың бағасы – 150 теңге, ал екіншісінде 350 теңге болды. Бұл ақылға симайтын бағалар. Енді мектеп асханасын жалға алушы алдын ала соманы ұсынады. Бұл елдегі орташа бағадан аспауы тиіс. Мұнымен қатар, орташа бағаны мемлекеттік сатып алулар порталы мен дүкендерден көруге болады, – деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, жаңа енгізілген ережеге жеткізушілер қарсы болып отыр. Сондай-ақ, ол мектептерде қолма-қол ақшасыз төлемдер енгізілетінін атап өтті.
Балалар міндетті түрде ақшамен жүруі керек деген сөз емес. Бұл гигиена тұрғысынан да дұрыс емес. Осы ақшаларды қолдану мәселесі туындайды. Сол себепті біз қолма-қол ақшасыз төлемдер енгізу үшін барлық тамақтану орындарын камерамен жабдықтап жатырмыз, – деді министр.