00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мұғалімдердің жалақысы бір жылда 25 пайызға өсті

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Мұғалімдердің жалақысы бір жылда 25 пайызға өсті

Ranking.kz мәліметінше, өңірлер тұрғысынан білім беру саласындағы ең жоғары жалақыны елорда қызметкерлері алады: 414 мың теңге — бір жыл бұрынғыға қарағанда 18% -ға артық. Астанадағы жалақы ел бойынша орташа көрсеткіштен 41,1%-ға жоғары. Екінші және үшінші орында Алматы (335,7 мың) және Маңғыстау облысы (326,2 мың) тұр. Қазақстанда 20 өңірдің тек  алтауында ғана сектордағы жалақы ел бойынша орташа жалақыдан жоғары.

Сектордағы ең төменгі жалақы мектепке дейінгі білім беру саласында байқалады: барлығы 147,3 мың теңге, нақты жылдық өсім — 11,2%. Бастауыш білім беру сегментінде орташа айлық атаулы жалақы 243,5 мың теңгені (инфляцияны ескере отырып өсу — 10,5%), орта білім беру саласында — 343,5 мың теңгені, жоғары білім беру сегментінде — 323,1 мың теңгені (плюс 12,7%) құрайды.

Қосалқы білім беру қызметтері саласында көрсеткіш 216,8 мың теңгені, білім берудің өзге түрлері сегментінде — 221,9 мың теңгені құрады. Екінші тоқсанда білім беру саласында жұмыспен қамтылғандар саны 1,1 млн адамды құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,4%-ға артық. Жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелді: 144,5 мың адам. Үштік құрамына Алматы және Алматы облысы кірді. Секторда жұмыспен қамтылғандардың ең азы жаңадан құрылған Ұлытау облысында тіркелген: 14,4 мың адам.

Айта кетейік, Қазақстанда педагогтарды жұмысқа қабылдаудың жаңа тәртібі жүзеге асырылуда. Жаңа оқу жылынан бастап Ұлттық біліктілік тестілеу арқылы педагогтерді жұмысқа қабылдау ережелері қабылданды.