00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

25 тамызға дейін магистратураға түскендер тізімі шығады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
25 тамызға дейін магистратураға түскендер тізімі шығады

Магистратурада білім алуға бүгінде республика бойынша 17 мыңға жуық адамнан өтініш келіп түсті. Грант иегерлерінің тізімі Ғылым және жоғары білім министрлігінің телеграм-каналында 25-тамызға дейін жарияланады, - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

Сондай-ақ бүгінгі таңда докторантураға түсу емтихандары жүріп жатыр. Бұл  20-тамызға дейін жалғасады. Емтихан нәтижесі келесі күні докторантураға түсушінің «Жеке кабинетінде» жарияланады. Ал апелляцияға арналған өтініш нәтиже жарияланғаннан кейін келесі күні аймақтық тестілеу орталықтары базасында қабылданады.