Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады
25 ақпан, 2023
Айман Нығмет
1-сыныпта бірінші «Ана тілін» оқыту ұсынылады. Ана тілін бірінші тіл ретінде білу екінші және шет тілдерін табысты меңгерудің негізі болып табылады. Орыс тілін екінші тіл ретінде екінші сыныптан бастап енгізу ұсынылады. Бұл тілдердің бір-біріне теріс әсерін болдырмауға көмектеседі. Ал ағылшын тілін үйрену үшінші сыныптан басталады. Бұл тәсіл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді және бұл тілдердің графикасын қабылдауда қиындықтарды болдырмайды, – деді Мадина Тыныбаева.
Баяндамашы аталған өзгерістер алдағы жаңа оқу жылында тек бірінші сыныпқа қатысты екенін атап өтті.
Үлгілік оқу жоспарындағы соңғы өзгерістер ескеріліп, әдістемелік нұсқау хатқа толықтырулар жасалып, аймақтарға жеткізіледі, – деп түйіндеді Мадина Тыныбаева.
Ұқсас жаңалықтар
11 қыркүйек, 2024
31 пилоттық мектепте жаңа оқулықтар апробациядан өтіп жатыр
10 қыркүйек, 2024
Президент балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді
10 қыркүйек, 2024
Колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 80 пайызға жуықтады
6 қыркүйек, 2024
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған пәндік олимпиада басталады