00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияда өткен жарыстан 2 қола медальмен оралды

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияда өткен жарыстан 2 қола медальмен оралды

Лингвистикадан IOL-2022 халықаралық олимпиадасы Мэн аралында (Ұлыбритания) 25-31 шілде аралығында өтті. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оған әлемнің 36 елінен 200 оқушы қатысқанын хабарлаған болатын. Қазақстанның намысын Нұр-Сұлтан, Павлодар және Тараз қалаларынан 4 оқушы қорғады. Олардың барлығы республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Биыл оқушыларымыз рекордтарын жаңартып, үздік нәтижелерімен қуантып жатыр. Лингвистикадан өткен олимпиадада Қазақстан алғаш рет бірден 2 медаль жеңіп алды. Аида Дәулетова мен Дарья Пересыпкина - еліміздің мақтаныштары, басқа балаларға жарқын үлгі. Енді оқушыларымыздың  жоғары жетістіктері де лайықты бағаланады. Себебі Президенттің қолдауының арқасында алғаш рет қомақты ақшалай сыйақы беріледі, - деді ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4,5 млн теңге), күміс медаль үшін – 1 000 АЕК (3,1 млн теңге), қола медаль үшін – 500 АЕК (1,5 млн теңге) көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Оқушыларды жарысқа дайындаған ұстаздар да төлемақы алады.

Ең алдымен бізді қарсы алуға келгендердің барлығына алғыс айтқым келеді. Бұл олимпиада туралы бәрі біледі. Оған мен алғаш рет қатысып жатқаным жоқ. Тәлімгеріме, мектебімізге, ұстаздарыма, достарыма, ата-анама және Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» орталығына алғысымды білдіргім келеді. Себебі олардың қолдауынсыз бұл олимпиадаға қатысу мүмкін емес еді, - деді қола жүлдегер Дарья Пересыпкина.

Дарья осы олимпиададағы екінші медалін иеленгенін қоса кетейік. Ол өзінің алғашқы қола жүлдесін 2021 жылы жеңіп алды.