00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде бірінші сыныпқа қабылдауға 390 мыңға жуық өтініш түсті

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде бірінші сыныпқа қабылдауға 390 мыңға жуық өтініш түсті

«Құжаттарды қабылдау мерзімінің аяқталуына санаулы күндер қалды. 1 сәуірден бастап 4 ай бойы БАҚ-та да, әлеуметтік желілерде де 1 тамызға дейін құжаттарды тапсыру қажеттігі туралы хабарлап келеміз. Әлі өтініш беріп үлгермегендер 1 тамызға дейін құжат тапсыра алады. Қазір көптеген мемлекеттік білім беру қызметі электронды форматта қолжетімді, сол себепті egov.kz веб-порталы арқылы өтініш жіберуге болады. Сонымен қатар ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыру мүмкіндігі бар. Жаңа оқу жылында 405-410 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады деп күтіліп отыр»,  – деп жазылған хабарламада.