00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 25 пайызға өседі – министр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 25 пайызға өседі – министр

Министр жақын арада мемлекеттік тапсырыс алып отырған балабақшаларға талап күшейетінін мәлім етті. Яғни, санитарлық және өртке қарсы талаптарды сақтау, бейнебақылаудың болуы, балалармен жұмыс істейтін мамандардың білімді, білікті болуы шарт. Сондай-ақ қызметкерлердің типтік штаттардағы статусқа сәйкес болуы қажет.

Кейбір фактілерді қарап анализ жасайтын болсақ, кей балабақшалар 40-50 баланы бір топқа жинап қойып жұмыс істейді екен. Ол қандай мықты тәрбиеші болса да, 5-6 күннен кейін қиын жағдайға ұшырайды. Ал, мемлекеттік балабақшаларда түске дейін бір, түстен кейін бір тәрбиеші бар. Топтардағы бала саны 25 – тен аспайды. Бұл бостан босқа жасалмаған. Міне, осындай қажетті, маңызды, ғылыммен дәлелденген шешімдерді қабылдап, енгіземіз, - деді министр.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов қаңтар айынан бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 25 пайызға өсетінін айтты.

Жалақы бойынша қосымша мәселелерді қарастырып жатырмыз. Зерттеулер балабақшада балалардың болашағы қалыптасатындығын көрсетіп отыр. Сондықтан балабақшадан бастап сапалы білім, сапалы тәрбие берсек, мектепте де, колледжде де жақсы көрсеткішке қол жеткізеді, - деді ол.