00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінеді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінеді

Бұл туралы министр журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты.

Енді бұл шешімді өте тиімді жүзеге асыру міндеті тұр. Өйткені, ең бастысы, білім мен ғылым жүйесінің тиімділігі. Біз қажетті жұмыстарды атқарамыз, – деді министр.

Оның айтуынша, министрлікті бөлу туралы шешім қазірдің өзінде қабылданған.

Шешімді бәріңіз естідіңіздер. Шешім бар, қабылданды, соған сәйкес қабылданды. Енді осы шешімнің орындалуын ойлауымыз керек. Бұдан білім беру жүйесі тиімді болуы үшін. Сондықтан енді соған жұмыс істейтін боламыз.

Тиісті шешімді кім қабылдайтынын нақты реттейтін (министрлікті бөлу процесі туралы) заңнама бар. Бұл ретте дәл үкімет деңгейінде және ел басшылығы деңгейінде бұл министрліктерді құрудың құрылымы, нақты жобасы туралы шешім қабылданады. Сондықтан тиісті деңгейде шешім қабылданып, мұның барлығы одан әрі жұртшылықтың назарына жеткізіледі деп ойлаймын, – деді Білім және ғылым министрлігінің басшысы.

Еске салсақ, Президент Білім және ғылым министрлігін екіге бөлуді ұсынған. Білім министрлігі және Жоғары білім және ғылым министрлігі.

Алматыда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған сессияда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды.

Елдегі ғылыми қызметті үйлестіруді күшейту үшін тиісті министрлікті екіге бөлу керек деп есептеймін. Олардың бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысады, – деді Тоқаев 1 маусымда.