Енді орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов nur.kz порталына берген сұхбатында айтты.
Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді қатар меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық. Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады, - деп түсіндірген министр.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2024
Елімізде 3 миллионнан астам бала қосымша білім берумен қамтылады
18 қыркүйек, 2024
Білімге caлынғaн инвеcтицияның қaйтaрымы мол – Бекзат Жолжақсынов
18 қыркүйек, 2024
Министр WorldSkills Lyon-2024 халықаралық чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті
17 қыркүйек, 2024
Кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтер тартыла бастады