00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Аутизм дерті бойынша республикалық үйлестіру кеңесі құрылады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Аутизм дерті бойынша республикалық үйлестіру кеңесі құрылады

Аутизм спектрі бұзылуы (АСБ) мәселелері бойынша арнайы Республикалық үйлестіру кеңесі құрылады. Үкімет мүшесі ретінде оны өзім басқаруды жөн көрдім. Сондай-ақ кеңес құрамына ҮЕҰ өкілдерін, салалық мемлекеттік органдардың вице-министрлерін, әкім орынбасарларын және басқа да әріптестерімізді қосамыз. Маңызды мәселе – осы бағыттағы барлық жұмысты үйлестіру. Екіншіден, АСБ мәселелері бойынша арнайы Жол картасы бекітіледі. Құжатта проблемалық аймақтарды анықтап, қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективадағы міндеттерді айқындаймыз. Үшіншіден, ғылыми зерттеулер жүргізу маңызды. Сол себепті БҒМ аутизм спектрінің бұзылуын зерттеу жөніндегі арнайы ғылыми бағдарламаға қаржы бөлу бойынша жұмыс жүргізеді, – деді білім министрі.

Министрдің сөзінше, бүгінгі таңда 19 ЖОО арнайы педагогтарды даярлайды. Бұл университеттің барлығына түзету кабинеттері форматында ресурстық орталықтар ашу тапсырылды. Бұл орталықтар мамандар даярлау жөніндегі клиникалық база ретінде әрекет етеді. Бұл бағыттағы жұмыс Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жақсы жолға қойылған. Университетте «Дара» қорының қолдауымен ресурстық орталық ашылды. 

Биыл біз ЖОО-ларға бағдарламаларды, әдістемелерді дайындау және студенттерді оқыту үшін аутизмі бар балалармен жұмыс істеуге маманданған шетелдік профессорларды тарту үшін қаржы бөлдік. Осы жылы Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, ҚарМУ осы дертке шалдыққан балалармен жұмыс істеп жүргендер үшін аралас онлайн/офлайн форматында арнайы магистрлік бағдарламалар әзірлеп жатыр, – деді министр.

ППТК (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті), ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес), ресурстық орталықтар, арнайы инклюзия кабинеттерінің қызметкерлеріне мақсатты гранттар да бөліне бастады. 

Біз үлгілік штаттарға педагог-ассистенттерді енгіздік. Қазірдің өзінде мектептерде 1 000-нан астам педагог-ассистент жұмыс істейді. Олар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға мектепке бейімделуге және оқуға көмектеседі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Одан бөлек, түзету көмегіне мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруды бастаймыз. Яғни, осы дертке шалдыққан балалармен сапалы түзету жұмыстарын жүргізуге дайын ұйымдар бюджеттен тиісті қаржы алады. Бұл балаларымызды осындай арнайы қолдаумен қамтуды күрт арттыруға мүмкіндік береді, – деді Аймағамбетов.

Сонымен қатар министр ата-аналарға, мамандарға барлық қажетті ақпарат пен арнайы ұйымның деректер базасы, сондай-ақ ППТК, ПМПК және ресурстық орталықтар туралы ақпарат барлығына қолжетімді болуы үшін бірыңғай портал құрылатынын жеткізді.