Елордалық педагогтар арасында «Ерекше балаларға – ерекше көзқарас» атты конференция өтті
Білім беруді жаңғырту орталығы және №88 мектеп-лицейдің ұйымдастыруымен өткен конференцияға үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар өкілдері, жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары және педагогтар қатысты.
Олар ерекше балаларға қоғамда және мектепте қолжетімді орта қалыптастыру және оларды оқытуда кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдарын конференция аясында тереңінен түсіндірді.
Бұл – тек білім беруге қатысты мәселе емес, сондай-ақ оның әлеуметтік және медициналық жақтары да бар екенін ұмытпауымыз керек. Шын мәнінде аутизмі бар балаларға қарым-қатынас жетіспейді, бірақ олар сыртқы ортамен өзара әрекеттестікті қалай дұрыстауға болатынын білмейді, өйткені олар жағдайға қарай бейімделе алмайды. Тек бәріміз біріккенде ғана осындай ерекше балалардың қоғамда әлеуметтенуіне көмектесе аламыз, – дейді «Global Сапа» білім беру орталығының директоры Тілектес Шингужинова.
Сонымен қатар, №88 мектеп-лицейде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.