00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Магистратураға қабылдауда оқу орындары енді өз емтиханын өткізе алады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Магистратураға қабылдауда оқу орындары енді өз емтиханын өткізе алады

Оның жазуынша, 2025 жылға қарай техникалық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға баса назар аудара отырып, гранттар саны 75 мыңға дейін ұлғайтылады. Техникалық және IT бағыттарға гранттар 40%-дан 60%-ға дейін өседі.

Маңғыстау және Атырау облыстарының мектеп түлектеріне гранттар бөлу жоспарланып отыр. Гранттар бөлу арқылы жастар мен талантты балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді, сондай-ақ "Еркін грантты" енгізу жоспарлануда. 2025 жылға қарай студенттерге, магистранттар мен докторанттарға стипендия мөлшері 1,5 есе өседі, – деп жазды Қуаныш Ерғалиев.

Сонымен бірге, 2023 жылға қарай стандартталған тестілеуді енгізу арқылы жоғары оқу орындарына қабылдау рәсімі жаңғыртылып жатыр. Талапкерлерді қабылдау сапасын жақсарту үшін 2022 жылы "педагогикалық ғылымдарға" шекті балл - 80 балға, "құқыққа" - 75 балға (2021 жылы – 50 балға) дейін көтеріледі.

ҰБТ нәтижелері бойынша колледждерге қабылдау мәселесі пысықталуда. Жоғары оқу орындарына магистратураға қабылдау кезінде өз емтиханын өткізу мүмкіндігі беріледі.