«Болашаққа» құжат тапсыратын ауыл жастарына жеңілдіктер қарастырылады
Ауыл тұрғындары үшін ағылшын тілін меңгерудің талап етілетін деңгейін IELTS 6.0-ден IELTS 5.0-ге төмендету қарастырылып отыр. Қазақстандағы ауыл тұрғындары тілдік дайындығын тілдік оқытудың аралас форматында 12 айға дейінгі мерзіммен аламстыру, яғни 9 ай Қазақстанда, 3 ай шетелде оқыту арқылы жетілдіре алады, – деді Ә. Жанғозин.
Сондай-ақ орталық президентінің айтуынша, ауылдық елдімекенде 2 жылға дейін міндетті тұру талабын азайту да көзделуде. Бұл ауыл жастарының стипендияға ие болуға деген ынтасын арттырады және тілдік дайындықтың сапалы болуына мүмкіндік береді.
Одан бөлек, бағдарлама аясында техникалық мамандық бойынша құжат тапсыратындарға да жеңілдіктер енгізілуі мүмкін.
Бұған дейін техникалық мамандықтардың үлесі 36% болса, енді ол 60%-ға дейін арттырылады. Сондай-ақ осы бағыттар бойынша әлемнің жетекші ЖОО-да магистратура мен докторантурада оқу үшін қосымша жеңілдіктер енгізілетін болады. Яғни бұл бағытта оқитын үміткерден IELTS сертификатының 5,0 деңгейі талап етіледі. Сонымен қатар стипендиаттар бір жылдық тілдік дайындықтан өте алады. Бұл өзгерістер үміткердің техникалық және ІТ-бағыттар бойынша оқуға түсу мүмкіндіктерін кеңейтеді, – деп жазылған постта.