00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Наз» би театры мерекелік қойылымын қойды

Елордада «Наз» би театры мерекелік қойылымын қойды
Фото: Сұлтан Сейіт

Астана қаласының 25 жылдығына орай «Наз» мемлекеттік би театры «Қазақ жәдігерлері» атты концерт өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

 

«Наз» мемлекеттік би театры өзінің болашағын бас қаламен байланыстырады. Себебі, театр елордасы Астанаға көшкеннен кейін құрылды. Содан бері театр Астана қаласымен бірге дамып, рухани кемелденіп келеді. Астана қаласын, жалпы Қазақстанды шет мемлекеттерге таныстыруда би театрының алар орны бөлек. Театр репертуарындағы қайталанбас қойылымдар мен концерттік бағдарламалар арқылы шетелдік көрермендер қазақ елінің музыкасы мен этнографиясын, фольклоры мен қазақ биі өнерінің ерекшелігін таныды, - деді театр директоры Еркебұлан Ағымбаев.

Концертте театр ұжымы қазақтың салт-дәстүрін паш ететін «Тұсаукесер», «Сүйінші», «Секіртпе», «Қайым айтыс», «Көңілашар» сынды ерекше қойылымдарын ұсынды.

fe5b9595-cf96-4af0-9fc3-5aa25a9b94ad.jpg

Қазақ жігіттерінің батырлығын, өрлігін, қайсарлығын бейнелейтін «Тау ұлы» — би театрының беткеұстар би қойылымдарының бірі болды. 

1efaf533-6137-4249-85cf-da76e47c55c2.jpg

Ал қазақ қызының нәзіктігін, сұлулығын паш ететін «Назбике», «Іңкәр сезім», «Аққу», «Серпін» билері көрермен жүрегін жаулап алды.

Мерекелік кеште театр директоры Еркебұлан Ағымбаев Қытайдан 3 мың шақырымды 60 күнде жүріп өткен қандасымыз Есбол Асқарұлына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Сонымен қатар концертте театр әншілері халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Батима Изенаева, Зағипа Иманғазиева, Айсұлтан Басықара әннен шашу шашты.

f7be0845-bc89-40ba-9e9a-0b007b87009f.jpg

a046e63d-f1b1-4f2a-814b-29c4e11613cf.jpg

Би кеші керемет өтті. Театрдың қойылымдары бірінен бірі өтеді. Тамаша концерт сыйлаған «Наз» театрына мың алғыс, - дейді астаналық көрермен Нұрбану Сәрсенбаева.

Айта кетейік, «Қазақ жәдігерлері» қойылым-концерті қазақ халқының бағзы замандардан бері сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен ұлттық құндылықтарын хореография тілінде ерекше формада көрерменге ұсына білді.