Астана-25: Бәйге түрлерінен республикалық жарыс мәресіне жетті
Астана қаласының 25 жылдығына орай «Қазанат» атшабарында бәйге түрлерінен республикалық турнирде жорға және аламан сайысындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлады Elorda.info.
Жорға жарысы. 7 шақырым.
1-орын. Сұңқар Қасымхановтың (ШҚО)
2-орын. Әлия Асқарова (Астана қ.)
3-орын. Эдуард Штихлинг (Абай облысы)
Аламан бәйге. 22 шақырым.
1-орын. Ділнұр Нұрмұқаш (Алматы облысы)
2-орын. Боранбай Абдрахман (Атырау облысы)
3-орын. Асылжан Төлегенов (Жетісу облысы)
Жарыстың жалпы қоры 30 млн теңгені құрады. Аламан бәйгеде топ жарған шабандоз 5,5 млн теңге, 2-орын алған 3,5 млн теңге, 3-орын алған шабандоз 2,5 млн теңге сыйақымен марапатталды.
Бүгінгі жарысқа арнайы Павлодар қаласынан келдім. Қала күніне орай өткен республикалық бәйгені көру керемет сезім сыйлады. Әсіресе, 22 шақырымға созылған аламан бәйге тартысты өтті. Өзге аймақтарда бас жүлдені бермейтін 5 тұлпардың ішінен «Хан» лақап атымен танымал жүйрік соңғы сәтте жеңісті тартып алды. Осындай жарыстар көп бола берсін! – деп Ғани есімді көрермен керемет әсерімен бөлісті.
Жарыстың басты іс-шарасының соңында көрермендер арасында лоторея ойнатылып, жеңімпаздар тұрмыстық техникаларды иеленді.