Жүздеген контрафакт Louis Vuitton сөмкесі тәркіленді
Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері Louis Vuitton мен Nesquik тауар белгісімен жалған өнімдерді заңсыз пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаментімен бірлесіп жүргізілген тексеру барысында Nesquik тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша қала аумағында тіркелген тауар белгісімен шатастыр, ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану арқылы өнімдер саудаланғаны белгілі болды. Заңсыз айналымнан жалпы құны 4 миллион теңгеден асатын 2 мыңнан астам өнім тәркіленді.

Сондай-ақ Алматы қаласы Әділет департаментімен жоспардан тыс тексеру шеңберінде Louis Vuitton тауар белгісін заңсыз пайдалану фактілері анықталды. Өнімнің сапасының төмен екені және заңнама талаптарын бұза отырып сатылғаны анықталды. Заңсыз айналымнан жүздеген контрафактілік өнім тәркіленді.
Анықталған құқықбұзушылық бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін материалдар сотқа жолданды.
Еске салсақ, семейлік гаражында спиртті сумен араластырып, оны Finsky Ice және «Сибирские морозы» арағының бөтелкесіне құйып сатқан.